Өрт сөндірушілер кәсіпкерлердің мүлкін өрттен құтқарды

Өрт сөндірушілер кәсіпкерлердің мүлкін өрттен құтқарды

Түнде Өскемен қаласында А.Қойшыбаев көшесі бойында орналасқан ағаштілгіш аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Негізгі ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты құрылыстың жануы орын алды. Өрттің таралу қаупі төнді.

Өрт сөндіру бөлімшелері бір мезгілде оқпандарды негізгі ғимаратқа және жанып жатқан құрылысқа сөндіру үшін бере отырып, өртті 180 шаршы метр алаңда тоқтатты.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.