ШҚО ТЖД қызметкерлері кәсіптер жәрмеңкесіне қатысты

ШҚО ТЖД  қызметкерлері  кәсіптер жәрмеңкесіне қатысты

Мамандық таңдау-мектеп түлектерінің  өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі.  Кәсіптік  бағдар беру  жұмысы аясында  Өскемен қ. № 20 орта мектебінде  әр түрлі жоғары оқу орындары  мен колледждерінің  өкілдері қатысып,   мамандықтар жәрмеңкесі өткізілді.  Оған ШҚО ТЖД кадр  және тәрбие жұмысы басқармасының мамандары да қатысты.  Олар түлектерге құтқарушы  мамандығын қалай оңай меңгеру керектігін айтып, тестілеуді сәтті тапсыру үшін және  ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин ат. Азаматтық  қорғау академиясының курсанты болу үшін  қандай пәндерді  тапсыру керектігі туралы кеңестерімен бөлісті.  Сондай-ақ оқушылар  ата-аналарымен бірге оқуға түсудің шарттарын талқылау үшін үгіт-насихаттау материалдарын таратты. Ұйымдастырушылар оқушылар үшін маңызды іс-шараға қатысқаны үшін ШҚО ТЖД мамандарына алғыс хаттарын ұсынды.