
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері ТЖД қызметкерлеріне қонаққа келді. Іс-шараға 16-ға жуық бала қатысты.
Құтқарушылар қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударып, маңызды кеңестермен бөлісті және балалардың сұрақтарына жауап берді. Қонақтар біздің заманымыздың ержүрек батырларының жұмысымен жақынырақ танысып, адамдарды құтқаруда және төтенше жағдайлармен күресте қолданылатын техника және жабдықтарды көрді.
ТЖ қызметінің қызметкерлері ТЖД мұражайына экскурция ұйымдастырып, онда қызықты экспонаттармен танысты, қызметтің құрылу тарихын білді. Мұражай залдарында әр-түрлі өрт сөндіру машиналарының модельдері мен төсбелгілер коллекциялары ұсынылды. Балалар нақты өрттерден алынған заттай дәлелдемелерді қызығушылықпен қарады. Мұражай қорының құрамына әртүрлі сирек кездесетін заттар кіреді: өрт дулығалары, оқпандар өрт сөндірушілердің жабдықтары. Ұлдар мен қыздар дәстүр бойынша жауынгерлік костюмдер мен өрт сөндірушілердің дулығаларын киіп көрді.
Балаларға ең қызықты болғаны ШҚО ТЖД кинологиялық қызметімен және де іздестіру жұмыстарын жүргізетін қауіпсіздік үшін қызмет атқаратын лабрадор-құтқарушы Гелеймен танысуы. ШҚО ТЖД –ке келу барысында қонақтарға өрт-құтқару спортына үйрететін спорттық манеж көрсетілді.
Балалар үшін М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, онда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мамандығын алуға болатындығы жеткізілді.
«Құтқарушы- батырлық мамандық. Жыл сайын біз мыңдаған азаматтарға өрт, су тасқыны кезінде көмекке келеміз, ТЖ аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізеді. Өткен жылы ТЖ қызметіне 127000-ға жуық қоңырау түсті. Құтқарушылар бұл мамандыққа шын берілген адамдар. Ағымдағы жылы ҚР ТЖМ арқасында ШҚО ТЖД табиғи апаттармен күресу үшін жаңа техникалар келіп түсті. Біздің өңірде құтқарушылармен қатар 6 кинологиялық қызмет иттері де жұмыс істейді, олар іздестіру жұмыстарына қатысады», - деді ШҚО ТЖД бірінші орынбасары Фархат Әміре.