Қызметтің маңызды бағыттары

Қызметтің маңызды бағыттары

Өскемен қаласының ТЖБ-да "2024 жылғы жедел-қызметтің қорытындылары туралы"кеңес өтті. ТЖ және облыс орталығының аумағында болған оқиғалар талқыланды, оларға жедел ден қою мәселелері қаралды. Сондай-ақ, өңірдегі өрттердің алдын алу мәселелері Өскемен қаласы өрт сөндіру бөлімдерімен тығыз байланыста екені қаралды. Қызметтік және әскери тәртіпті, жеке құрамның жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Аттестатталған құрамға тұрақты негізде дене шынықтыру дайындығы бойынша кәсіптік бағдар беру дәрістері мен сабақтарына қатысу, ТЖ алдын алуға және азаматтарды қауіпсіздік мәселелеріне оқытуға бағытталған жұмыстарды жүргізу қажеттілігі атап өтілді.