Семейде төтенше жағдай: веранда, монша және жеке үйдің шатыры өртенді

Семейде төтенше жағдай: веранда, монша және жеке үйдің шатыры өртенді

              Семей қ. 3 Жоломановка көшесіндегі жеке меншік үйдің жануы туралы хабарлама сағат 07:03-те "101" - ге келіп түсті.  Өрт сөндірушілер келген кезде жалын ғимараттың төбесін толығымен шарпып өтті.  Өрт орнына келген сәтте  сағат 07: 07-де өрт сөндіру басшысы №2 шақыру жариялады.

           Өрт сөндіру барысында жеке тұрғын үйде шатырдың ағаш конструкциялары (ағаш тордағы металл жабынқыш), төбенің ағаш конструкциялары, ағаш есік блогы, тұрмыстық техника, ас үй бөлмесіндегі жеке заттар жанғаны анықталды.. Сондай-ақ веранданың ағаш құрылымдары мен тұрғын үйге жапсарлас салынған моншаның төбелік жабынының ағаш құрылымдары жанған.

           Өрт сөндірушілер өрт сөндіру барысында жанып жатқан үйден екі 27 литрлік газ баллонын шығарды. Өрт жарты сағат ішінде  (07:29) ауыздықталды, ал толық жою үшін шамамен бір жарым сағат қажет болды. (08:45). Веранда, монша және тұрғын үйдің шатыры жанып кетті, өрт алаңы 120 ш. м.құрады.Құрбандан мен зардап шеккендер жоқ..

            Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Өртті сөндіруге Семей қ.жасағының өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 6 бірлік техника мен 24 адам жұмылдырылды.

 

ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ