
Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының «Nur Otan» жанындағы «Jas Otan» еріктілерінің қатысуымен кезекті «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысты. Көпбалалы Нұғымановтар және Жұртбаевтар отбасыларына құтқарушылар еріктілермен бірге балаларды мектепке жинауға көмектесті. Олардың қыздары, 12 жасар Дилшат Ербұланқызы мен 11 жасар Айғаным Бағланқызына мектепке қажетті барлық нәрселерді сатып алуға көмектесті.
«Бұл акцияға жылсайын қатысып келеміз, бұл біздің ұжымның және Шығыс Қазақстан облысының «Nur Otan» жанындағы «Jas Otan» белсенді еріктілерінің бір дәстүріне айналды. Басты мақсат - жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған, көп балалы және жетім балаларға көмек көрсету. Жыл сайын акцияға қатысушылардың саны артып келе жатқанын көру қуантады», - деп мәлімдеді Өскемен қаласының ТЖБ-да.
Өскемен қаласы ТЖБ ақпараты