Бойлердегі қысқа тұйықталу әйел мен баланың тұншықтырғыш газбен уланып өлуіне әкеп соқтырды

Бойлердегі қысқа тұйықталу әйел мен баланың тұншықтырғыш газбен уланып өлуіне әкеп соқтырды

Өскеменде 2020 жылғы 22 тамызда шамамен таңғы сағат 05-де  «Родничок» бау-бақша қоғамының тұрғын үйінде өрт болды. Қысқа тұйықталу мен сужылытқыш бойлер сымының қабы еруі үйге жану заттарының кіруіне әкеп соқтырды. Отпен күресушілер келгенше үй иесі тұншықтырғыш газбен уланған 1983 жылғы әйелі мен 2018 жылы туған ұлын байқады. Әкесі ұлын таза ауаға ессіз күйде алып шықты. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, әйел мен ұлдың өлімін растады. Түтіндеу алаңы 2 шаршы метрді құрады, алайда тұншықтырғыш газ өте улы болғандықтан, қайғылы оқиғаға әкеп соқтырды. Өрт себебі бойынша электрқұрылғыларының авариялық режимі мен электрқұрылғысын қолданған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау версиясы қарастырылуда.

 

Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты