
«Самал» жағажайында қала ТЖБ мен Мамандандырылған жасақ құтқарушылары «Жағажайдағы қауіпсіздік сабақтары» мастер-классын өткізді. Қалалық демалушыларға құтқарушы ролінде болып құтқару шеңбері және Александров жібі көмегімен суға кетушіні құтқаруға ұсыныс жасалды. Содан соң әрбірі тұтқиыл сәттерде зардап шеккенге көмек берудің оңай еместігін айтып өз сезімдерімен бөлісті.
Іс-шара кезінде қалалықтарға, су – адам үшін үлкен қауіп көзі екендігі, су объектілерінде қауіпсіздік қағидаларын тек қатаң сақтау әртүрлі оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік беретіндігі ескертілді.
Демалушыларға рұқсат етілген демлау орындары туралы айтылып, үгіт жаднамалары таратылды.
Содан соң Полиция басқармасының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесе өзен жағалауына мониторинг пен аралау жүргізілді.
Өкінішке орай, кейбір азаматтар демалыс үшін қауіпсіз емес жағажайларды таңдайды, жаз айларынан бастап қала суайдындарында 4 адам суға кетіп қалды, оның ішінде 2-уі бала. «Суға түсуге тыйым салынған» белгісіне немқұрайлы қарау нақты қауіп төндіреді, өйткені суайдында құтқарушы кезекшілік етпейді, ал суайдын түбі тексерілмеген.
Жаз бойы ТЖБ құтқарушылар мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер халықпен профилактикалық жұмыстарды жүргізеді. Әсіресе «жабайы», суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерге аса көңіл бөлінеді, өйткені тура осы жерлерде қайғылы оқиғалар жиі болады.
Облыс орталығында жабдықталмаған жерлерде суға шомылғаны және ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке бүгінгі күні 296 азамат тартылды.
ҚРӘҚтК 440-бабы бойынша 214 айыппұл салынды. ҚРӘҚтК 364-бабы бойынша ескерту түріндегі жауапкершілікке 82 адам тартылды. Өскеменде құтқарушылар мен Полиция басқармасының ЖПҚ полицейлері күнделікті патрульдеу жүргізеді, ТЖ қызметі мен полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан, азаматтар көптеген уақытын өткізуге келетін қауіпті ағысы мен иірімдері бар жерлерге, сондай-ақ қауіпті орындарға аса көңіл бөлінеді.
Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты