Газ баллондарын пайдалану кезінде жазатайым оқиғаларды қалай болдырмауға болады

Газ баллондарын пайдалану кезінде жазатайым оқиғаларды қалай болдырмауға болады

 Тұрғын үйлерде, дәмханалар мен мейрамханалар ғимараттарында газ баллондарға байланысты оқиғалар жиі орын алып жатады. Газ жарылыстарының себептері - тұрмыстық газ баллондары мен құрылғыларын пайдалану талаптарының бұзушылығы, газ жабдығы мен тұрмыстық баллондардың жалғау түтіктерінің сәйкес жай-күйі, ақаулы газ жабдығын пайдалану.

Газбен жабдықтаудың жай-күйін бақылау жергілікті атқарушы органдардың газ-техникалық инспекцияларының инспекторларына жүктелген. 

Көптеген тұтынушылар баллондарды толтыру үшін газ мамандарына жүгінбейді. Оларға жанармай құю станциясына бару оңайырақ, онда әдетте баллондарды шаю жұмыстары жүргізілмейді, сонымен қатар ондағы қоспалардың мөлшері мен тығыздығы тексерілмейді.

Кейде азаматтар тұрмыстық газ баллонын  мұндай жұмыс түрін жасауға арнайы жабдықталмаған және автомобильдердің газ баллон жабдықтарын толтыруға арналған автомобильдерге газ құю станцияларында толтырады. Нәтижесінде баллон өз көлемінің 85%-нан асатын мөлшерде толтырылуы мүмкін, ал бұл өте қауіпті.

"Газ және газбен жабдықтау туралы" ҚР Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес тұрмыстық баллондарға сұйытылған мұнай газын толтыру және бөлшек саудада сату тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз ету жөніндегі міндет жүктелген газ толтыру станцияларында немесе пункттерде қатаң түрде жүзеге асырылуға тиіс.

Аралау кезінде ШҚО ТЖД қызметкерлері тұрақты негізде тұрғын үй иелерімен нұсқамалар өткізіп тұрады. "Бұл жеке меншік үй иелері болғандықтан, біз тек түсіндірумен және нұсқаулық берумен шектеле аламыз. Біздің міндетіміз - азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру", - деп атап өтті ШҚО ТЖД-да.

Баллондарды 2 қабаттан аспайтын тұрғын ғимараттың пәтерлерінде орналастыруға жол беріледі. Бұл ретте баллондар рұқсат етілгеннен асқан кезде іске қосылатын ағызу клапанымен жабдықталуы тиіс.

"Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға" сәйкес пәтерлерде және үйлерде, жертөле үй-жайларында сұйытылған газдары бар баллондарды сақтауға жол берілмейді. Баллондарды ғимараттардың сыртында арнайы шкафтарда сақтау керек.

Қауіпсіздік талаптары:

- таразы қондырғысымен, өлшеудің нормативтік дәлдігін қамтамасыз ететін бақылау салмақтарымен, толып кеткен баллондардан газды ағызуға арналған ыдыспен (баллонмен) жабдықталған тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған мамандандырылған пункттерде ғана баллондарға құюды жүзеге асыруға;

- баллон корпусын қыздыруға жол бермеңіз (жылыту құралдарының, ашық жалынның әсері, бөлмеге ауа температурасы баллон корпусының температурасынан едәуір жоғары және т.б.).

- газдың жылыстауына жол бермеу үшін тамақ дайындау кезінде қайнаған сұйықтықтар отты құймауын, оттықтарды үнемі тазалап тұруын қамтамасыз ету қажет.

- үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кран жабылуы, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр қуатын қоспау керек

Газ баллонын қалай тексеруге болады?

Газ баллонынан жылыстаудың бар-жоғын өзіңіз тексере аласыз: баллонды сабынды сумен губкамен сулаңыз-газ жылыстаған жерде көпіршіктер пайда болады. Егер газ қатты ағынмен шықса, оны естуге болады - доп түсіп бара жатқандай дыбыс естіледі. Сондай-ақ, сіз белгілі бір иісті сезінесіз.

Төтенше жағдайда телефон арқылылы "112" қызметіне  хабарлаңыз.