
«Каселезащита» ШҚ филиалының мамандары «Өскемен-Тарғын-Самар» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 132-137 км учаскесінде қар көшкінін профилактикалық түсіру жұмыстарын жүргізді.
«Бұл учаскеде 8 қар көшкіні түсетін шоғыр бар және қардың мөлшері 90-нан 120 см-ге аралығында. Біздің бақылаушылар қар өлшеуіш тақтайшалар қар көшкіні ошақтарында қардың жиналуын бақылайды. Бұл ақпарат қар көшкіні қаупі туралы болжам жасау үшін өте маңызды. Егер таулардың беткейлерін қалың қардан тазарту қажет болса, қар көшкінін алдын ала түсулер жүзеге асырылады. Қар өте біркелкі емес беткейлерде және әртүрлі ауа-райы жағдайларында жиналады, бұл оның құрылымы мен беріктік сипаттамаларына әсер етеді. Кейбір қабат жұмсақ әрі ылғалды, кейбірі біршама қаттырақ», - деп атап өтті «Каселезащита» ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков
Қар көшкінін шоғырына жарылғыш заттарды тікелей төсеу әдісі қолданылады, бұл қар массасының жарылуы мен түсуіне кепілдік береді. Ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде 2330 куб. м. қар түсірілді.
ШҚО ТЖД және «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы азаматтардан қырағы болуды, қалың қар жауып тұрғанда және желді ауа-райында тауға шықпауды сұрайды. Ықтимал қар көшкінінің белгісі тіпті борпылдақ және дымқыл қардың көлбеу бойымен аздап сырғуы болуы мүмкін.
Тауға шықпас бұрын, қауіпті болжам бойынша қар көшіні түсу ықтималдығын бағалау және қауіпті беткейлерден аулақ болып, таңдалған маршрутты зерттеу қажет.