Құтқарушыларды психологиялық сүйемелдеу

Құтқарушыларды психологиялық сүйемелдеу

ШҚО ТЖД психологтары жеке құраммен жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

          2024 жылы 1249 құтқарушыға психодиагностикалық тестілеу өткізілді, жеке мәселелер бойынша 186 индивидуалды консультациялар өткізілді, сондай-ақ қызметкерлермен стресстің,аутоагрессивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында 50 релаксациялық сессиялар мен авторенингтер, 34 тренинг және 23 дәріс сабақтары өткізілді.

Қостанай облысындағы су тасқынын жою, ШҚО-да өртті сөндіру қорытындылары бойынша авариялық-құтқару, іздестіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін ЖКСБ болуының алдын алу үшін 3 дебрифинг өткізілді..

Тренингтер «Бір өмір», «Психологиялық өзін-өзі реттеу, экстремалды жағдайларда қызметтің тиімділігін арттыру құралы» «Жанжалды басқару», «Командалық бірігу пен тұтастық», «Қызметкерлер арасында суицидтік мінез-құлықтың пайда болуының алдын алу», «Лудомания мен кредиттік тәуелділіктің алдын алу», «Қазіргі қоғамдағы құтқарушының кәсіби мәртебесінің моральдық-психологиялық негіздері», «Құтқарушыларды ТЖ кезіндегі іс-әрекеттеріне психологиялық даярлау» және тағыда басқа тақырыптар бойынша ұйымдастырылып, өткізілді.

ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының жеке құрамы үшін психоэмоционалды көңіл күйді қалыпқа келтіру үшін арнайы бөлме қарастырылған, ол арнайы креслолармен, автотренингтер, сеанс бағдарламалары бар бейне және аудио сүйемелдеуімен теледидар жүйесімен жабдықталған. Бөлме психологтың кабинетімен біріктірілген, бұл сеанстар кезінде қызметкерлердің жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.

Психологтар 2024 жылы 45 азаматқа, оның ішінде 4 балаға көмек көрсету үшін ТЖ орындарына 24 рет шығу жүзеге асырылды.

«Жедел желі» телефоны бойынша 444 қоңырау қабылданып, 33 жағдайда шұғыл психологиялық көмек және қолдау көрсетілді.