
Балаларды асыл мамандықпен таныстыру – құлақтандырма
Ұшқыштың жұмысы өте күрделі және қауіпті, бірақ сонымен бірге қызықты әрі әсерлі.
Олег Алфеев, ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» МИ-8 әуе кемесінің екінші ұшқышы, балалар радиосына барып, сұхбатында осы асыл мамандықты қалай меңгеруге болатынын айтып берді. Ол көптеген сұрақтарға жауап беріп, мектептегі сабақтарда қазірден бастап қандай пәндерді оқып, аспанды бағындыруға дайындалу керектігі туралы кеңестер берді.
Балалармен қарым-қатынас патриотизмді дамытуға және мамандықтың беделін арттыруға ықпал етеді.
Сұхбатты тыңдаған әрбір бала ұшу аппаратының кабинасында бір рет болса да болғысы келіп кетті.