Төрт аяқты құтқарушылар көмекке асығады

Төрт аяқты құтқарушылар көмекке асығады

Шығыс Қазақстанда ШҚО ТЖД қызметкерлерімен бірге 6 төртаяқты "достар" - 5 лабрадор және ақ швейцариялық овчарка  кезекшілікке түседі.

Барбарелли немесе Рамонвң ТЖМ - дағы еңбек өтілі-8 жыл, Хит (7 жыл), Discovery life (Зула) (8 жыл), Источник счастья к Виллингтон (Вилли) құтқарушылар қатарында - 6,5 жыл еңбек етуде. Ал Источник счастья Кьянти (Геля) және аппақ швейцариялық овчарка Дэйзидің құтқарушылармен жұмыс істегеніне  1 жыл ғана болды.

"Олардың барлығы маңызды тапсырманы орындайды, іздеу жұмыстарына қатысады - үйінді, көшкін астында қалған адамдарды іздейді.  Ит адамның аяғы жетпейтін жерлерге баоа алады. Төрт аяқты құтқарушылардың иіс сезу қабілеттері  ондаған аспаптарды алмастыра алады және зардап шеккендерді іздеу уақытын біршама қысқартады", - деп атап өтті ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының кинологиялық қызметінің басшысы Наталья Дрожжина.

"Ең қарт құтқарушы-лабрадор - Рамо, ол 10 жаста, соңғы жыл жұмыс істейді. Ол әрқашан жақсы қызмет атқарды және мансабын жақсы аяқтауда. Лабрадорлар арасында отбасылық әулеттер де бар. Біздің қызметімізде Зула есімді анасы, әкесі - Рамо және олардың қыздары - Геля бар, олар ТЖ қызметі саласындағы пайдасы өте зор", - деді Наталья Дрожжина.

Көбінесе асыл тұқымдылар  арасында лабрадорлар таңдап алынады, себебі бүкіл әлемде адамдарды жақсы көретін ит ретінде танылған  және қиындыққа тап болған уақытта көмекке келуге дайын.

ШҚО ТЖД ЖҚЖ бас құтқарушы - кинологы Марина Цуканованың айтуынша иттерге үлкен күтім көрсетіледі", - деді. Тазалап, тарап, тамақтандырып барынша күтім жасаймыз.   Клиникада ветеринарлық қызмет те көрсетіледі, біз өз бетімізше шұғыл көмек көрсетеміз". Қызметтік иттердің арнайы киім-кешектері бар, олар кәсіби құтқарушылардың жабдықтарынан жаман емес. Мұндай жабдықпен біздің аймақтың әртүрлі ауа-райы жағдайында жұмыс істеуге  ыңғайлы болады.

2024 жылы төрт аяқты құтқарушылар 8 іздестіру-құтқару жұмыстарына және 20-дан аса  көшкіндерді профилактикалық түсіру кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты.