
Облыста, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жылыту кезеңінде және жаңа жылдық мерекелерде өрттің алдын алуға бағытталған республикалық алдын алу іс-шарасы аяқталды.
Құтқарушылар 11 725 тұрғын үйді аралап, 12 018 тұрғын үйді қамтыды, әлеуметтік осал үйлерге 174 көміртегі тотығы датчигін орнатты. Пиротехникалық өнімді сақтау және сату орындары бойынша 372 рейд жүргізу барысында, полиция қызметкерлерімен бірлесіп 325 сертификатталмаған бұйым тәркіленді, 35 әкімшілік айыппұл салынды. Жаңа жылдық іс-шаралар өткізілетін орындарда, оның ішінде оқшашу ұйымдастыру кезінде 346 алдын алу рейд, сондай-ақ ГБҚ-мен жарақтандырылған көлік құралдарының тұрақтары бойынша 26 іс-шара өткізілді.
Алдын алу жұмысы, мәселелерді анықтауға және өрттің алдын алуға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.