Шешім қабылдау уақыты келді

Шешім қабылдау уақыты келді

ШҚО ТЖД полковник Рашид Блялов облыс орталығындағы мектептердің біріне барып, оқушыларға құтқарушының кәсібі игілі артықшылықтары туралы айтты, сондай-ақ М. Ғабдуллин атындағы ҚР ТЖМ азаматтық қорғау Академиясына түсу туралы әңгімелеп берді.

Мектептен кейін өмір бойы жұмыс істейтін мамандықты игеру үшін, шешім қабылдау қажет болатын сәт келді. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің кәсібі игілі іс болғанмен өте қауіпті. Олардың жұмысы тек мамандық емес, нағыз кәсіп. Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы Қазақстандағы ТЖ қызметкерлерін даярлайтын жалғыз оқу орны. Академияда оқудан басқа курсанттар мен офицерлер Ресей ТЖМ және Беларусь Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқуға мүмкіндік алады. Оқушылармен кездесуде Академияда 5000-нан астам маман даярлап шығарылғандығы, олар күндіз-түні табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ете отырып ең жауапты және күрделі учаскелерде қызмет атқарады- деп атап өтті Рашид Блялов.

Сонымен қатар кездесу барысында ШҚО ТЖД бастығы құтқарушылардың  автопаркін жаңарту, ҚР ТЖМ қызметінің жалпы модернизациясы мен өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың  еңбек жағдайларын жақсарту туралы айтты. Оқушылар осы ақпаратқа  қызығушылық танытты, ал осындай кездесулердің жас ұрпаққа кәсіби бағдар беру жұмыстарында үлкен маңызы бар.

Академияға күндізгі бөлімге түсу үшін қабылдау төрт кезеңнен өтеді: бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы кандидаттардың оқу ісін қарайды; екінші кезеңде денсаулық жағдайына байланысты медициналық және психофизиологиялық тексеруден өту арқылы оқуға жарамдылығын анықтайды; үшінші кезеңде дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерге сәйкес, емтихан тапсырады; төртінші кезеңде конкурс өткізіліп, курсанттар қабылданады. Сонымен қатар шетелдердегі профилді оқу орындарына түсу үшін іріктеу өткізілді.   

Басты жаңалық – Академияға оқуға қыздар да қабылданады,  1 курстан 3 курсқа дейін қыздар Академия жатаханасында тұра алады, 4 курста өз есебіне жатаханадан тыс жерде Көкшетау қаласында тұрады. 

Шетелдік оқу орындарына түсу арқылы  Ресей Федерациясында оқу мүмкіндігі бар. Ресей ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетінде және Ресей ТЖМ азаматтық қорғау академиясында оқиды.

Анықтама үшін телефон: 8 (7232)25-07-94