
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті, Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары мен полиция қызметкерлері қысқы шаңғы тебу алаңдарына мониторинг жүргізді. Белгілі болғандай, амдардың көпшілігі арнайы жабдықталған төбешіктерді емес, қауіпті жерлерді таңдайды, балалар көбінесе ата-аналарының қарауынсыз сырғанайды және қауіпсіздік шараларын сақтамайды, стьюб-мұзшаналард шамадан тыс жүктеледі, 2-3 адамнан мінеді, нәтижесінде мұзшаналар аударылып, жарақат алға әкеп соғады.
«Мұзшаналар» қауіпті болуы мүмкін, олар үлкен жылдамдық алады, тежегіші жоқ болғандықтан оларды басқару қиынға соғады. Кейде стьюб автокөлікке кеп соғылып, жазатайым оқиғалар орын алып жатады.
Құтқарушылар балалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарға жан-жақты ұсыныстар берді.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті стьюбтарды пайдалану кезінде келесі ережелерге назар аударуыңызды сұрайды:
1Мұзшананы шамадан тыс жүктемеңіз. Әрбір модельдің құрылымы үшін рұқсат етілген максималды салмақ қарастырылған.
2. Мұзшананы 20 градустан аспайтын көлбеу беткейлерде міну ұсынылады. Еңістің төменгі жағында тежеуге жеткілікті қашықтық болуы тиіс. Бұта, ағаш өсіп тұрған беткейлерде стьюбпен сырғанауға болмайды.
3. Дайын емес трассамен төмен сырғанауға болмайды, онда ойықтардың, кедір-бұдыр жерлердің, ағаштың шығып тұрған бұталарының және тастардың бар-жоғын тексеріп алу керек; Олар мұзшананы тесіп немесе кесіп қатты зақымдауы мүмкін. Сондай-ақ, автожолдардың жанында сырғанауға болмайды.
4. Мұзшаналар жоғары жылдамдықта қозғалатындықтан, еңісте жүргендерге назар аударыңыз. Сырғанамас бұрын, алдыңызда шаңғымен сырғанаушылар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
5. Мұзшанаға отырып сырғанау қажет. Стьюбтың үстіне тұруға немесе батуттағыдай секіруге болмайды.
Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз өзіңізді және басқаларды ықтимал жарақаттар мен зақымдардан қорғай аласыз.