
Алтай ауданының Серебрянск қаласында жеке тұрғын үйдің аумағында шаруашылық құрылыстарының конструкциялары жанды. Өрттің салдарынан, шаруашылық құрылысы үйге жақын салынғандықтан, үй іші қатты түтін болды.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің құрылған буыны, барлау жүргізу барысында, түтінге оранған үй-жайдан 2010 жылы туған баланы шығарды. Оның жағдайы қанағаттанарлық, тексеруден кейін медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Өрт жалпы ауданы 80 шаршы метрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.