
Алтай ауданында «Өскемен-Алтай» республикалық маңызы бар автожолының 66 шақырымында ШҚО Полиция департаменті мен құтқарушылар қар көшкіннің қаупі бар себебінен жабылған трассада автокөліктердің бір-бірден өткізуін ұйымдастырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Орнында сонымен қатар ҚР ТЖМ Апаттар медицина орталығының дәрігерлері кезекшілік етті. Барлығы 40 автокөлік шамасында өткізілді.
Бір күн бұрын аймақта жел мен мол жауын-шашын қар көшкіндердің өз еркімен түсуіне әкеліп соқты.
ШҚО ТЖД азаматтарды қар көшкіні қаупі кезеңінде тәуекелге бел бұрмай, қар көшкіні қаупі бар учаскелерге барып, олардан өтпеуге сұрайды.