ШҚО-да ер адам өрттен құтқарылды

ШҚО-да ер адам өрттен  құтқарылды

Риддер қаласында Абай көшесінде өрт болды.
Бесінші қабатта орналасқан пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенген.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 1975 жылы туған ер адам пәтерден көршілердің көмегімен шығарылған.
ТЖД бөлімшелері оны түтін басқан жоғарғы қабаттан эвакуациялап, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады.
Өрт 10 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Өрттің шығу себебі бойынша алдын ала болжамы-мас күйде темекі шегу.

ШҚО ТЖД үйде темекі шегу - өртке себеп болу мүмкіндігін ескертеді.