ШҚО-да қар көшкіні түсті

ШҚО-да қар көшкіні түсті

Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша
03 қаңтар күні Ұлан ауданындағы облыстық маңызы бар "Өскемен-Самар" автожолының 101 шақырымында жауын-шашынның мол түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 550 м3 қар көшкінінің өздігінен түсуі орын алды. Құрбандар мен қиратулар жоқ. Көшкін жолды жауып тастап,қазіргі уақытта жол "Облшығысжол" ЖШС күшімен тазартылды (3 бірлік техника).
ШҚО ТЖД және ШҚ Қазселденқорғау филиалы көшкін қаупі бар кезеңде тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көптеген қар көшкіні қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді - олардан өткен кезде тоқтамай, қауіпті аймақтан тез өтіп кету қажет.

Ауа райының жағдайы туралы "Дәрмен"мобильді қосымшасынан біле аласыз