ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде 7 тұрғын құтқарылып, эвакуацияланды

ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде 7 тұрғын құтқарылып, эвакуацияланды

Өскемен қаласында Қазақстан көшесінде көп қабатты тұрғын үйде жетінші қабатта орналасқан пәтердің балконы жанды.

Келген өрт сөндірушілер ️баспалдақ маршымен  7 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Құтқарушылар өртті жедел түрде 4 ш.м. алаңда сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.