ШҚО ТЖД ерекшеленген қызметкерлер марапатталды

ШҚО ТЖД ерекшеленген  қызметкерлер марапатталды

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жыл қорытындысы бойынша қызмет барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен су тасқыны кезінде азаматтарға көмек көрсеткен құтқарушылар «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен  «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен және грамоталармен марапатталды.

Сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктерге жеткен және оң нәтижелер көрсеткен қызметкерлерге ШҚО ТЖД басшылығының алғыс хаттары табысталды.

Іс-шара барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Иван Худяков Департамент басшылығы мен қызметкерлерінің ардагерлерге көрсеткен қамқорлығын атап өтіп, жұмысқа қосқан үлестері үшін бірнеше адамға алғыс хаттар тапсырды.