Шығыс Қазақстанда таулардың беткейлерін қардан тазарту жалғастырылуда

Шығыс Қазақстанда таулардың беткейлерін қардан тазарту жалғастырылуда

ДЖазатайым оқиғалардың алдын алу үшін "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының қызметкерлері және ШҚО ТЖД құтқарушылары "Горная Ульбинка-Северное" учаскесінде қар көшкіндерін алдын ала түсіру жүргізілді.
"Осы күндері қар шоғырларында қар жеткілікті жиналды. Қажеттілік қар көшкінінің өздігінен түсуіне жол бермеу үшін туындады. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін 3 алдын ала жарылыс жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 2090 текше қар түсірілді. Мұндай шаралар осы аймақта күн сайын өтетін маршруттың және жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті", - деп атап өтті “Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.
"Қыс мезгілі басталғаннан бері өңірде 14 жарылыс жұмыстары жүргізіліп, 6650 шаршы м. қар түсірілді", - деп түсіндірді ШҚО ТЖД ТЖ бастығының орынбасары Исхар Савазов.
ШҚО ТЖД және ШҚ "Қазселденқорғау" филиалының құтқарушылары:
Таулы аймаққа бара жатқанда ауа-райы болжамын ескеріңіз. Тауларға қар жауғанда, боран мен дауылды жел кезінде шығуға болмайды. Ауа-райы туралы "Дармен" мобильді қосымшасынан білуге болады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз