Облыс мектеп оқушыларымен интерактивті сабақ өткізілді

Облыс мектеп оқушыларымен интерактивті сабақ өткізілді

Шығыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкерлері Жаңа жыл мерекелері мен қысқы демалыс қарсаңында облыс оқушыларына өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды. ШҚО ТЖД МӨББ бас маманы Анастасия Скляр балаларға пиротехникалық өнімдерді пайдалану кезіндегі ықтимал қауіптер мен түрлі жарақаттар туралы айтып, ғимарат ішінде жаңа жылдық шыршаны орнату бойынша қадамдық нұсқаулықпен бөлісті. Оқушыларға өрт қаупі туындаған жағдайда «101» нөміріне хабарласу және ғимараттан эвакуациялау әрекеттері туралы еске салды. Интерактивті сабаққа 23 аудандық оқу орны қатысты. Бүгіннен бастап облыстың көптеген мектептерінде мерекелік іс-шаралар мен дискотекалар басталады. Мереке алдында балалар интерактивті форматта өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтан өтті.