Балық аулау қауіпсіз болуы керек

Балық аулау қауіпсіз болуы керек

ШҚО ТЖД құтқарушылары Ұлан ауданында Каменск су қоймасында өткен мұз астындағы спорттық балық аулау бойынша облыстық чемпионатты өткізуге өз үлестерін қосты. Қатысушылармен ТЖМ мамандары қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулық өткізді. Қысқы хобби әуесқойлары құтқарушылардың қауіпсіздік акциясына түсіністікпен қарады және ұсыныстарды мұқият тыңдады.

ШҚО ТЖД төтенше жағдайға түспеу үшін мұзға шығып, келесі ережелерді сақтау керектігін ескертеді:

- Қалыңдығы кемінде 10 сантиметр болатын мұз адамдар үшін қауіпсіз болып саналады.
-Ешбір жағдайда қараңғыда және нашар көрінген кезде мұзға шығуға болмайды
- Мұзға құтқару кеудешесі мен шильц, ұзындығы кемінде 12 метр қалың арқан, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон киіп шығу керек.
- Ешбір жағдайда мас күйінде мұзға шықпаңыз.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.