ШҚО-да құтқарушылар адасып кеткен Аяз Ата мен Ақшақарға көмекке келді

ШҚО-да құтқарушылар адасып кеткен Аяз Ата мен Ақшақарға көмекке келді

Глубокое ауданының аумағындағы орманда Аяз Ата мен Ақшақарға құтқарушылардың көмегі қажет болды.
Оның алдында қатты жел мен боран туралы дауылды ескерту жарияланды. Алайда, Аяз Ата мен Ақшақар ертеңгіліктерге жиналып, құтқарушылардың ұсыныстарын елемей жолға шығып кетті. Көрінімділіктің нашар болуына байланысты ертегі кейіпкерлері орманда адасып, жол таба алмады. Олар орманда ұзақ уақыт жүріп, тоңып қалды және құтқарушылардың "112" нөмірін естеріне түсіп оларды көмекке шақырды.
Бірінші болып іздестіру жұмыстарына ШҚО ТЖД кинологтары мен олардың төрт аяқты әріптесі - Хит атты лабрадор кірісіп кетті. Адасып кеткендер Глубокое ауданының орман алқабында табылды. ТЖ қызметінің лабрадоры адамдарды "тапқаны" туралы үріп хабарлады. ШҚО ТЖД қызметкерлері әбден шаршаған және тоңып қалған Аяз Ата мен Ақшақарға алғашқы көмек көрсетіп, жылы орап, ыстық шай берді. Содан кейін жоғары өтімді техникамен оларды орман аймағынан эвакуациялады. Құтқарушылар "саяхатшыларға" боранды күні шығудың қауіпті екенін тағы бір ескертті. Аяз Ата мен Ақшақарға ауа-райы жағдайлары мен жолдардың жабылуы туралы ақпарат алуға болатын "Дармен" мобильді қосымшасын қалай пайдалану керектігі түсіндірілді.
Жаңа жылдық кейіпкерлерді ТЖД қызметкерлері ойнады, олар осылайша азаматтардың назарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және өмірге қауіп төндірмеу үшін ауа-райы қолайсыз күні құтқарушылардың ұсыныстарына құлақ асу қажеттігіне аударды.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.