
Өскемендік құтқарушы Аян Қисамбин өрт сөндіру көліктерінің колллекциясын жинайды.
Ол еңбек ететін бөлімшеде оның «ертоқымының астында» тек нағыз өрт сөндіру көліктері емес, онда коллекцияның 30-дан астам моделі бар. Мұндай әуесқойлық 2020 жылдан, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының сыртай оқу бөлімінде білім алып жүрген кезден басталған еді. «Көкшетау қаласында, мен ең алғашқы сессия кезінде «ЗИЛ 130» моделін алған едім, міне содан бері «ауырып қалдым» деп еске алады Аян Қисамбин. Модельдердің арасында УАЗ автокөлігі, штабтық техника, АР, автосаты, көмекші техникалар бар.
«Менің коллекциямдағы барлық модельдер – олар өрт сөндіру бөлімшесінде қызмет ететін және де бұрынырақта қызмет еткен, автокөліктердің нақты көшірмесі», - деп түсіндірді Өскемен қаласының №9 өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары Аян Қисамбин. Оның ішіндегі ең «қымбаты» - бұл УРАЛ АЦ 6/6 (5557), оны бұрынғы бөлімше бастығы, қазіргі уақыттағы қызмет зейнеткері Максим Китаев сыйлаған автокөлік. Осындай модельдебіз қазіргі уақытта өрт сөндіреміз.
Аян Қисамбиннің бөлмесіндегі машиналардың коллекциясын қарап жүріп, олардың нақты автокөліктердің көшірмесі екендігін түсінесің. Олар барлығы жүріп тұр. Және де – оның есіктері, капоттары ашылады, кузовтары алынады, сатылары мен аутригерлері жылжиды (нақты жауынгерлік жағдайда автокөлікке қосымша тұрақтылық беретін, бүйірлік тірегіштер).
- Бұл модельдерде тіпті дабылдағыштары да істейді! – деп күлімдеп №9 ӨСБ бастығының орынбасары, бір машинаның қандай-да бір тетігін басады. Бөлме ішінде бірден дабыл естілді.
Шындығында, отпен күресушілер қолданатын, барлық өрт сөндіру автокөліктерінің көшірмесін жинақтау – тез жасалатын іс емес. Қазіргі коллекцияда біздің елімізде өрт сөндіру қызметінде қызмет атқаратын машиналардың тек бір азғана бөлігі. Алайда коллекция тұрақты өсуде.
Айта кетсек, осы әріптестердің балалары, кейде келген кезде бөлімше бастығы орынбасарының бөлмесіне кіріп, рахаттанып осы машиналармен ойнайды.
Аян Қисамбин әрбір модельге үнемі профилактика жүргізеді.
Барлық автокөліктерге бірдей көңіл бөлінеді.
Әрбір автосүйгіш сияқты, бүгінгі күні Аян Қисамбинде жаңа машинаны армандайды. Коллекция үшін ол УРАЛ маркалы өрт сөндіру автокөлігінің жаңа модификасындағы өрт автокөлігін алғысы келеді.
Сондай-ақ Аян Қисамбин өрт сөндіру каскаларын жинай бастады, олда өзі үшін қызықты әуесқойлық деп санайды.
Аянды мұндай әуесқойлыққа қызмет зейнеткері Игорь Ильичев шабыттандырғанын айта кетпеуге болмайды.
Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты