Қар көшкіні қаупі бар беткейлер қардан тазарттылды

Қар көшкіні қаупі бар беткейлер қардан тазарттылды

"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының бақылаушылары жүргізген мониторингтен кейін қар көшкіні қаупі бар беткейлерде желдің қарды үрлеуі нәтижесінде қауіп төндіретін қар массалары жиналғаны анықталды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осы ведомствоның мамандары мен ШҚО ТЖД құтқарушылары Өскемен-Самар автожолында (95-102 км) қар көшкінін алдын ала түсіру бойынша іс-шаралар өткізді.
3 рет жүргізілген жару жұмыстары нәтижесінде 890 шаршы м. қар массасы түсірілді.
Облыста қысқы кезеңде қар көшкіні жағдайына тәуліктік мониторинг жүргізіледі.
ШҚО ТЖД және "Қазселденқорғау" мамандары тұрғындарға қалың қар жауғаннан кейін 3-5 тәулік ішінде, аяздан кейінгі жылымық, қатты соқан жел кезінде қар көшкіні қауіпі бар уақыт екендігін еске салады. Осы уақытта тауға барудан бас тартқан жөн.
Көлікпен қар көшкіні қаупі бар учаскенің жанынан өтіп бара жатқанда-тоқтамаңыз.
Ерекше қажеттілік болмаса, тауға барудан бас тартуды сұраймыз.
Егер сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 нөміріне хабарлаңыз.