
Әкімнің орынбасары Б.К. Байахметовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының жоспардан тыс отырысы өткізілді. 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық, өңірдегі гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі мәселелері қаралды. Кездесудің тағы бір маңызды тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы болды. Су шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Т. М. Башев және Превенция басқармасының офицері Ж. Б. Мұзтауов баяндама жасады. Сөз сөйлеушілер анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне назар аударды, өкілеттіктерден асып кету және лауазымдық қылмыстар фактілерін жою жөнінде ұсыныстар берді. Іс-шара соңында тараптар барлық құрылымдардың өзара іс-қимылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға көмектесетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерге жүйелі көмек көрсете отырып, әдіснамалық қолдау көрсетуді жалғастыруда.