ШҚО құтқарушыларынан қауіпсіздік күнтізбесі

ШҚО құтқарушыларынан қауіпсіздік күнтізбесі

2025 жылдың басталуына санаулы күндер қалды, ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтар үшін қауіпсіздік күнтізбесін дайындады.
Олар төтенше жағдайларды болдырмау және маңызды ұсыныстарға көңіл бөлу үшін әрбір айға қауіпсіздікті жазды.

Күнтізбенің бастапқы бетін енді әрбір адам өзінің гаджетінің жұмыс үстелінде немесе компьютерінде қолдануға болады.
“Маусымдық ерекшеліктерді ескере отырып, ойлап жасап шығарған ереже-кеңестері азаматтарға аптаның күні туралы ғана емес,сол айда немесе басқа да айларда қандай төтенше жағдайлар болуы мүмкіндігін,төтенше жағдайларға тап болмау үшін қандай ережелер сақталуы керек екендігін әрқашан азаматтарға еске салып отырады.Барлық ақпараттар аймақтағы болған оқыс оқиғалар мен жағдайларға жасалған талдаудың нәтижесінен алынған” ,-деп атап айты ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

ҚАҢТАР
Қатты аяз болмаса да, бір орында тұр ма

АҚПАН
Қар көшкінін тудырады
Ойланбай басқан қадам

НАУРЫЗ
Мұзға сенбе- алдайды

СӘУІР
Өрт кезінде бір шелек су қымбат

МАМЫР
Қауіпсіздікті -білу
қауіптілікке қарсы тұру

МАУСЫМ
Осы өмірде маңыздысы-бұл біздің балаларымыз

ШІЛДЕ
Өткелді білмесең,суға түспе.

ТАМЫЗ
Құтқарылу үшін, тек іс-әрекет жасауды бастау керек

ҚЫРКҮЙЕК
Қауіпсіздікте болу сәні-уақыт талабы

ҚАЗАН
Өрт сөндіруші-құтқарушылар -біздің еліміздің батырлары

ҚАРАША
Түтін оттан да қауіпті

ЖЕЛТОҚСАН
Жаңа жылды қалай қарсы аласың-жыл бойы солай өткізесің