Маңызды алдын алу іс шаралары

Маңызды алдын алу іс шаралары

ШҚО ТЖД қызметкерлері жылыту маусымында өрттердің алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл кезең, әдетте, азаматтардың жылыту және жылу беру құралдарын белсенді қолдануына байланысты өрт шығу қаупінің жоғары болуымен сипатталады. Құтқарушылар өрт санын барынша азайту және азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау үшін профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

Үйлерді аралау, рейдтер, әңгімелесу және нұсқаулық беру шаралары жүргізіліп, азаматтарға жылыту жүйелері мен электр құрылғыларын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі ескертіледі. Жылыту маусымы басталғаннан бері барлығы 116 656 үй қамтылды. Тексеру барысында 33 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтары анықталып, олардың 14 100-і пешпен жылытуға байланысты болды. ШҚО ТЖД қызметкерлерінің уақтылы профилактикасының арқасында тұрғындар 23 874-тен астам бұзушылықты жойды.

Әсіресе, көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге және әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарға ерекше назар аударылады, сондай-ақ иіс газынан датчиктері орнатылуда.

Тұрғындардың өтініші бойынша 3011 пеш пен мұржа тексеріліп, бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.

ШҚО ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді:

тек жарамды пештер мен электр құрылғыларын пайдалану;

пештерді қызып кетуге және электр желілерін шамадан тыс жүктеуге жол бермеу;

мұржаларды уақытында күйеден тазалау;

пешті жағуды балаларға тапсырмау;

тұтандыру үшін жанғыш сұйықтықтарды қолданбау.