
ШҚО ТЖД қызметкерлері Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханаға барып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстелге қатысты. Кітапхана мамандары Қазақ хандығы дәуірі мен одан бұрынғы кезеңдерді қамтитын детекті бейнефильм көрсетті. ТЖ қызметкерлері еліміздің тәуелсіздігін қалай қалыптастырғаны жайлы, ата-бабаларымыздың арманы болған тәуелсіздік жолындағы тарихымызды танып білді.
Іс-шара барысында тәуелсіздік тек саяси еркіндік ғана емес, сонымен қатар ұлттық мәдениет, рухани байлық пен білімнің күші екені атап өтілді. Мұндай деңгейдегі іс-шаралар ел патриоттарын тәрбиелеуге ықпал етеді, бұл қазіргі қоғамның басты міндеті болып табылады.