Құтқарушы «Жыл қаһарманы» номинациясын жеңіп алды

Құтқарушы «Жыл қаһарманы» номинациясын жеңіп алды

Шығыс Қазақстан облыс орталығында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың қатысуымен «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

«Жыл қаһарманы» номинациясын Шемонаиха қаласының 28-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, өрт кезінде 6 баланы құтқарған, азаматтық қорғау сержанты Думан Кенжебеков жеңіп алды.

Думан Кенжебеков 2019 жылдан бері төтенше жағдайлар қызметінің қатарында қызмет етеді, көптеген өрт оқиғаларына қатысқан. Соңғылардың бірі 1 қазанда Усть-Таловка кентінде болды. Үшінші қабаттағы пәтерде өрт шықты. Думан мен оның карауылы қауіпті аймақтан 10 адамды, оның ішінде 6 бала құтқарды.