
Өскеменде Панкратьев көшесінде жеке тұрғын үйдің жанында ВАЗ 2115 көлігі өртенді.
Келген өрт сөндіру бөлімдері 2 шаршы метр аумақта қозғалтқыш бөлігін және басқару пультін шарпыған өртті сөндірді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
Салонда өрт сөндіргіштің болуы қажет.