
ҚО ТЖД, 68303 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының және де Полиция департаментінің қызметшілері су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін кезекті профилактикалық рейд ұйымдастырды. Балықшылармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, мұзға қандай құтқару құралдарын әкелу керектігі түсіндірілді.
"Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне" сәйкес қалыңдығы 25 сантиметрден кем мұзға шыққан кезде өзімен бірге ысқырық, құтқару жилеті, шильц, диаметрі кемінде 11 мм арқан, ұзындығы кемінде 12 метр, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ болуы қажет. Қауіпсіздік шараларын бұзушылар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 412 - бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деп еске салды ШҚО ТЖД. Қауіпсіздік тек сізге байланысты.Құтқарушылардың ұсыныстарын орындаңыз және жұқа мұзға шығу қаупін тудырмаңыз.