
Риддер қ. Свердлов көшесі бойындағы үйлердің бірінде ТЖД құтқарушылары сегіз жасар балаға көмекке келді. Ол үйде балаларымен ойнап жүріп аяғын редуктор мен газ баллонының тұтқасының арасына кіргізіп шығара алмаған.
Алаңдаған ата-аналар 112 қызметіне жүгінді.
ТЖД қызметкерлері "Holmator" авариялық-құтқару құралының көмегімен баллонның тұтқасын кесіп, баланың аяғын босатты. Авариялық-құтқару жұмыстары барысында бала зардап шеккен жоқ.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!