
Бүгін 2020 жылдың 19 тамызы күні 08 сағат 38 минутында Шәкәрім даңғылы бойындағы көп пәтерлі үйлердің бірінің ауласында Toyota camry маркалы автокөліктің жануы туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру қызметінің 2-МӨСБ қызметкрелері 08 сағат 38 минутында оқиға орнына шықты.Өрт сөндіру барысында уақытша тұрақ кезінде 2 шаршы метр ауданда қозғалтқыш бөлігінің жанғыш бөлшектері жанып жатқандығы анықталды.
Өрт 08 сағат 52 минутта жойылды.Оқиға орнына жеке құрамның 8 қызметкері және 2 бірлік техника шықты.Өрт себебі- қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз пайдалану. Залал анықталуда.
Жыл басынан бері Семей қаласында автокөліктегі 25 өрт тіркелді.(2019 жылы - 44 өрт,төмендеуі-70 %) Көліктегі жанудың пайда болуының негізгі себебі мотор бөлігіндегі және аспаптар панелінің астындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылады.Ал бұл көп жағдайда осы электр сымдарына шектен тыс жүктеме түскендіктен ,сондай-ақ электр жабдығын монтаждау ережелерін бұзу себебінен болады.
Семей қаласы ТЖБ автокөлік иелерінен өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және техниканы уақытылы техникалық байқаудан өткізіп тұруларын сұрайды.
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ