Облыстық турнирде үздік үштікке енді

Облыстық турнирде үздік үштікке енді

Өскемен қаласы 5-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Олжас Ерланов 

Шығыс Қазақстан облысының күш құрылымдары арасында ҚР ҰГ "Шығыс" РМҚК қолбасшысының кубогына "Б" отрядының құрылғанына 25 жыл толуына арналған қоян-қолтық жекпе-жектен ашық турнирде 3-ші орынды иеленді.

Турнир "Жекпе-жек" спорт кешенінде өтті, қатысушылар саны 100-ден астам адам болды.

Сондай-ақ, аталған іс-шараға Абай және Павлодар облыстарының күш құрылымдарының қызметкерлері қатысты.

 Өрт сөндіруші-құтқарушыны ШҚО ТЖД-дағы әріптестері және аралас жекпе-жек жаттықтырушысы Ерзат Сақабанов пен Жасұлан Нұрдыбеков дайындады.