Жаңа жыл мейрамдарындағы қауіпсіздіктер

Жаңа жыл мейрамдарындағы қауіпсіздіктер

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында және өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында О. Бөкей атындағы кітапханада ШҚО ТЖД ӨҚҚБ қызметкерлері мен Өскемен қаласы ТЖБ өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлермен кеңес өткізілді.

Кеңеске қатысушыларға жаңа жылдық іс-шаралар кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі ескертілді.

Кеңес барысында ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі нормалары мен талаптарын сақтау бойынша барлық сұрақтарға жауап берді.

Адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде келесі шараларды сақтау қажет:

Жаңа жылдық шыршалар орнықты негізге орнатылады, олармен шығу жолдарын жабуға жол берілмейді;

Шыршаның бұталары қабырғалар мен төбелерден кемінде 1 метр қашықтықта орналасуы тиіс;

Егер бөлмеде электр жарығы болмаса, шырша жанындағы мерекелік іс-шаралар тек күндізгі уақытта өткізіледі;

Іс-шаралар өткізілген кезде сахнада және залда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың, өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. Іс-шаралар өткізілетін бөлмелер бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Тыйым салынады:

1. Іс-шараларды өткізілетін бөлмелердің терезелерінде торлар болған жағдайда өткізуге;

2. Қатарлар арасындағы өтпелердің енін тарылтуға және өтпелерге қосымша орындықтар қоюға;

3. Жобалық құжаттама бойынша белгіленген нормадан артық адамдарды бөлмеге кіргізуге.