
Күндіз Өскемен өрт сөндірушілері автокөлік өрттеніп, жалын жеке тұрғын үйдің кіреберісі мен шатырына ауысуы орын алған Б.Шаяхметов көшесіндегі шақыртуға шықты.
Дереу өрт сөндіруге кіріскен өрт сөндірушілер барлау барысында жанып жатқан үйден газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды.
Өрт 190 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.