ТЖД қызметкерлері уақытылы көмек көрсетті

ТЖД қызметкерлері уақытылы көмек көрсетті

Бүгін 112 пультіне Өскемен қаласы Әл-Фараби көшесі бойындағы үйлердің бірінде 1955 ж.т. әйел терезеден секіргісі келетіндігі туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу құтқарушылар, психолог Дина Тоқтарханова және жедел жәрдем қызметкерлері келді. Психолог тұрғынмен байланыс тауып, тыңдап, қолдау көрсетіп, шұғыл жағдайдың алдын алды.

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында адам өмірі аман қалды.