
Өскемен қаласында, Орманды көшесінің бойында жеке үйдің ауласында 48 ш.м. алаңда шаруашылық ғимаратының жануы орын алды. Құтқарушылардың күшімен өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД еске салады:
- электр желісіне қосылған тұрмыстық электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз
- электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуін қадағалаңыз, зақымдалған электр құрылғыларын, электр розеткаларын пайдаланбаңыз
- пешті жылытуды ретке келтіріңіз
- бөлмеде ашық от көздерін пайдаланбаңыз