Дала және жем-шөп дайындау кезіндегі өрттердің алдын алу

Дала және жем-шөп дайындау кезіндегі өрттердің алдын алу

2020 жылдың 17 тамыз айында Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен Приречное ауылдық округтерінде жем-шөп дайындау және сақтау орындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік жұмыстар өткізілді.

Рейд өткізу барысында жем-шөптердің дұрыс сақталуына, маялардың ара-қашықтығына, ауыл-шаруашылық техникаларының жағдайына, жем-шөп сақтау орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылмауына аса көніл бөлінді.

ТЖБ қызметкерлері дән дақылдарын жинау және азық дайындау кезеңінде мынандай ережелерді сақтауды ұсынды: тракторлардың, қақпақтары жоқ немесе қақпақтары ашық автомобильдер мен өзі жүретін шассилердің жұмыс істеуіне,  қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды күйдіру үшін дәнекерлейтін лампаларды қолдануға, далада түнгі уақытта автомашиналарға жанар-жағар май құюға жол берілмейді.

 

    

Семей қ. ТЖБ ЗҚАжҚСБТ инженері              Ардак Самтиров