Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары брифинг барысында орман және дала өрттерінің алдын алу туралы айтты

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары брифинг барысында орман және дала өрттерінің алдын алу туралы айтты

Шығыс өңірдің мемлекеттік орман қорының ауданы 3,8 млн. Га құрайды, оның ішінде орман көмкерген аймақ 2,0 млн. га.

06 сәуірден бастап өрт қауіпті маусым басталды және тұрақты қар жамылғысы орнатылғаннан кейін аяқталады. Ағымдағы жылдың өрт қауіпті маусымы басталғаннан бері облыс аумағында 190 орман өрті,6 дала өрті, 386 жану тіркелді.

"Өрт қауіпті маусымда облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында көлемі 25 гектардан асатын 4 ірі орман өрті орын алды. Бүгінгі таңда "Семей орманы" МТОР мен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын қоса алғанда, өрт қауіптілігінің жоғары санаты бүкіл облыс бойынша сақталуда" - деп хабарлады орман және ЕҚТА бөлімінің басшысы Ердос Үмітов.

ШҚО ТЖ департаменті 2020 жылғы өрт қауіпті кезеңде табиғи өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде, атап айтқанда: Шығыс Қазақстан облысы бойынша күштер мен құралдарды тартудың аудандық жоспарлары түзетілді;2020 жылғы өрт қауіпті маусымда орман және дала өрттерінің қауіп-қатерін азайту және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді;30 сәуір.г. ТЖ жөніндегі комиссияның облыстық отырысы өткізілді, онда өрт қауіпті кезеңде орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Өртке қарсы іс - шараларды өткізу бойынша нақты тапсырмалар берілді;2020 жылға "Geosat"ЖШС-мен шарт жасалды және ағымдағы жылғы 15 сәуірден бастап табиғи өрттердің ғарыштық мониторингі-термоточкалардың деректері келіп түседі.

"Бірлескен рейдтер жүргізу үшін азаматтық қорғау, ЖПҚ, орман ұйымдары мен ЖАО қызметкерлерінен 432 адамнан тұратын 70 мобильді топ құрылды, 382 рейдтік іс-шаралар өткізілді. Жүргізілген рейдтердің нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының 127 бұзушысы анықталды", - деді бастықтың м.у.а. Дмитрий Титов.

ШҚО ТЖ Департаментінде 2211 адам, 452 бірлік техника, оның ішінде негізгі мақсаттағы 224 өрт сөндіру автомобилі, сондай – ақ өтімділігі жоғары өрт сөндіру автоцистерналарының 112 бірлігі, аспалы өрт сөндіргіштер - 429 дана, соққыштар-1213 дана, ГТТ-21 7 сүйрегіші, МТЛБ 2 сүйрегіші және Кунг және Вахта жеке құрамын жеткізу үшін 24 автомобиль тұрақты дайындықта тұр. Бөлімшелердің автономды жұмысы жағдайында таборлық мүлік мен азық-түлік өнімдері бар.

 

 

ШҚО ТЖД