ҚР ТЖМ АҚжәнеӘБК төрағасы Шығыс Қазақстанға барды

ҚР ТЖМ АҚжәнеӘБК төрағасы Шығыс Қазақстанға барды

Генерал-майор Арман Қалиев, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы ШҚО ТЖД және ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонының бөлімшелерімен танысты. Материалдық-техникалық базаны зерделеп, жеке құраммен ағымдағы міндеттер мен мәселелер туралы әңгімелесті, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың стелласына гүл шоқтарын қоюға қатысты.

ШҚО ТЖД-да Арман Қалиев жұмыс кеңесін өткізді, онда ТЖ министрлігінің өңірлердегі төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігін арттыру үшін техника мен жабдықтарды жаңарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты.

Шығыс Қазақстан облысына сапарының қорытындысы бойынша  АҚжәне ӘБК төрағасы өңір мен оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс үшін тиісті тапсырмалар берді.