Қалай чемпион болуға болады?

Қалай чемпион болуға болады?

Қалай чемпион болуға болады?

Николай  Буторин  өрт-құтқару спорты бойынша бірнеше дүркін республикалық және халықаралық чемпион және рекордсмен. 2024 жылғы жазғы чемпионатта «шабуыл сатысы бойынша жоғарылау» 14,14 секунд үздік нәтиже көрсетіп Қазақстан Республикасының чемпионы аталды.

Осы спорт түрімен Николай 15 жылдан артық айналысады және Шығыс Қазақстан құтқарушылары қатарында еңбек етеді. Ол өзінің осы жеңістерін еңбектің және өз-өзімен жұмыс жасағанның арқасында келгенін апат айтты.

- Осы спортқа қалай келдің?

Өрт сөндіру спортымен мені бірге оқыған сыныптасым таныстырды. Осыдан кейін мені әкем ең бірінші жаттығуға әкелді. Мен өзімнің күшімді көріп, қызығушылық таныта бастадым, міне спортқа келгеніме 15 жыл болды.  

- Спорт саған не берді?

Әр түрлі жетістіктермен бірге спорт маған отбасын сыйға тартты. Болашақ жарыммен мен жаттығу кезінде таныстым. Спорт  біздің басымызды қосты.

- Қалай чемпион болуға болады?

Чемпион болу үшін кезген спортта тәртіп керек, өз қателігіңмен жұмыс жасай білу керек және ешқашан берілмеу қажет. Нәтиже қандай болса да, эмоцияға берілмеу керек және тек алға қарай жүре беру қажет.

- Болашаққа қандай жоспарыңыз бар?

Нәтижелерімді жақсартқым келеді, рекордтарды жаңартуға тырысамын.
Біздің жас спортшыларға сәттілік және жеңіс тілеймін. Егер бірден болмаса, еңсені түсірмеу керек, көп жаттығып, өзіңе сену керек. Сол кезде бәрі ойдағыдай болады. Кейін өзімді жаттықтырушы ретінде көргім келеді. Жас ұрпақпен тәжірибемен және біліммен бөлісу қажет.

-Сенің хоббиің, бос уақытта немен айналысқанды жақсы көресің?

- Бос уақыт бола қалса, оны отбасыммен өткізуге тырысамын. Табиғат аясында демалғанды жақсы көремін.

Жетістіктер:

1-5 қыркүйек 2023 ж.  – қол жүлде, Туркия Республикасы Измир қ. Әлем чемпионаты эстафетасы.

9 - 15 маусым 2024 ж.- Шымкент қ. ассоциациясы кубогы – шабуыл сатысы бойынша жоғарылау чемпионы. Эстафетада 2 орын.
8-14 қазан 2024 ж.- Түркістан қ. ҚР жазғы чемпионаты – Шабуыл сатысы бойынша чемпион. Қос сайыс чемпионы.