
ШҚО ТЖД Өскемен қаласының ТЖ басқармасы қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «№ 27943 Әскери бөлімшісі» РММ-нің әскери қызметкерлерімен сабақ өткізілді.
Әскери қызметкерлерді өрт кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелеріне, қысқы кезеңде пешпен жылытуды және электр құрылғыларын қауіпсіз қолдануға оқытты. Оқыту кезінде алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануға, сонымен қатар өрт және басқа ТЖ кезінде ғимараттан адамдарды қалай дұрыс шығару керектігіне аса назар аударылды. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 336, 410- баптарына түсініктеме берді.
Мұндай тәжірибелік шаралар тұтқиыл жағдайларға дайын болуға және маңызды шеберліктерді толық игеруге мүмкіндік беред