
“Мұз-2024” Республикалық алдын-алу және үгіт насихат акциясын жүргізу аясында алдын-алу рейдтерін жүргізу жалғасып жатыр.
Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен, полиция қызметкерлерімен бірлесіп 470 рейдтер жүргізіп, 317 балықшыларға нұсқаулықтар өткізілді.
Су айдындарында ескертпе және тиым салу белгілері орнатылды.
Балықшыларға “Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері” және сәтсіз жағдайларға ұшырамау үшін қандай құралдар жандарында болуы керек екендігі туралы түсіндіреді.
“Су айдындарындағы- қауіпсіздік ережелеріне” сәйкес
мұз қалыңдығы 10 см кем болғанда мұз үстіне шығуға тиым салынады.
Мұз бетіне шығу үшін мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден кем емес, құтқару кеудешесі, ысқырық, қармаушы құрал, диаметрі 12 метрден кем емес арқан, ұзындығы 2 метрден кем емес таяқ керек”,-деп атап өтті ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс Басқармасы бастығы Дәурен Ағажаев.
Құтқарушылар -сұр,сары реңдегі ақ түстегі мұздар белгілері -мұздың қауіптілігінің белгісі деп атап айты. Әсіресе,бұта-тоғандар өскен,су қайнарлары бар,ағысы тез сулардағы мұздар қауіпті болады.
Берік,қауіпсіз мұз-көкшіл немесе жасыл түстес ,қалыңдығы 10 см -ден кем емес болады.
Су айдындарындағы сулар әдетте бірдей болып мұз болып қатпайды:бастапқыда жағалауда,таяз суларда ,желден қорғалған шығанақтарда, содан кейін судың ортасында мұз қату жүреді.Су айдындары толығымен мұз болмағанда, олар адамдарға қауіп төндіреді.тәуекел топтарға бірінші кезекте балалар,мұз үстінде балық аулаушылар және жолды қысқарту үшін мұздың үстін автокөлік және жолдар ретінде пайдаланушы адамдар кіреді”-деп атап өтті ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс Басқармасы бастығы Дәурен Ағажаев.
Қауіпсіздік шараларын бұзушылар Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 412 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.
Төтенше жағдайларда 112 нөмері бойынша хабар беріңіздер.