Адамның әуесқойлығы – бұл энергия

Адамның әуесқойлығы – бұл энергия

Жұмыстан кейінгі ең бір жақсы іс – ол үйге келіп, ештеңемен айналыспай жату сияқты. Алайда, бұлай тек өз жан тыныштығына үйренгендер ғана ойлайды. Ешқашанда жаныңның не қалайтынын білмейсің. Әуесқойлық – бұл көз қуанышын келтіретін энергия.

         Өскемен қаласының №7 өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы Владимир Буркин, нағыз белсенді адамдар қатарындағы, жұмыстан кейінгі өмірінде маңызды және қызықты іспен айналысатын жан.

         Төтенше жағдайлардан адамдарды құтқару және өрттерді сөндіру бойынша қиын жұмыс күндерінен кейін, Владимир уақыт тауып, өзіне қызықты әуесқой ісіне жанын салады. Азаматтық қорғау подполковнигі өте жан-жақты дамыған адам. Ол әртістік өнермен айналысады, сахнаға шығып ойнап және өлең айтып, тіпті билеп те жібереді. Сондықтанда ол қызметтегі әртүрлі іс-шаралар мен байқаулардың басты кейіпкері. Бірақта, азаматтық қорғау подполковнигі мұнымен тоқтап қалған жоқ, ол бірнеше жыл бұрын қалалық «Қазақстан Республикасының ең үздік қаласы» байқауына қатысып, бірінші және екінші кезеңде жеңіске жетіп, бір сөзбен айтқанда сонау Мәскеу қаласына дейін барды, онда ол өз қаласының  абыройы үшін күресті. Ол кезді Владимир аса тебіреніспен еске алады, әрине, өйткені қарапайым өрт сөндірушіге Республиканың ең атақты және өнер адамдарымен бір сахнада өнер көрсету бақыты бұйырды.

         Подполковник Буркиннің жүрегін жаулаған тағы бір әуесқойлық, ол тек қана салауатты өмір салтын ұстану емес, салмағы ауыр және арқасы ауыратын, аз қимылдайтын адамнан, ең бастысы басқа адамдарға осындай болуға көмектесетін және жалқаулық пен  жаман қылықтардан арылып, сымбатты, денесі шымыр адамға айналудың бір тарихы. Владимир атақты С.М. Бубновскийдің әдісі бойынша жұмыс жасайтын орталыққа барып, өз денесін және ішкі дүниесін қалыпқа келтіріп, адам организіміндегі бұлшық ет қозғалысын емдеудегі нағыз шебер болып алды және оқып шықты. Владимир Буркин спортпен әуесқойлығымен және жаттығулармен өз өмірін өзгертіп қана қоймай, қызметтегі әріптестеріне ауруларын  ұмытып, жаңа іспен айналысуларына көмектесті.

         «Халықтың 80% арқа ауруымен ауырады, 70-80% еңбекке жарамсыздық парақтары арқа омыртқасы остеохондрозы ауруларына ашылған, менің әуесқойлығым менің иілгіш, сымбатты, ал ең бастысы сенімді және мықты адам болуыма көмектесті. Ал қазір өз бос уақыттарын диванда өткізіп жатқандар – ешкімге қызықты емес, және де өз-өзіне жаман зиян келтіреді. Қозғалыс -  бұл өмір деп текке айтпайды», - деп атап өтті подполковник Буркин.

         Әуесқойлық – бұл біздің өмірімізді толықтырып, шаттыққа бөлейтін, күш-қуат беретін және рахаттандыратын, алға ұмтылатын, мақсатты адам ретінде сіздің имиджіңізді көтеретін, жаныңа арналған іс.

 

Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты