«Арқан тартыс» жарысынан ШҚО ТЖД қызметкерлері үшінші орынға ие болды

«Арқан тартыс» жарысынан ШҚО ТЖД қызметкерлері үшінші  орынға ие болды

Астана қаласында “Арқан тартыстан” ашық республикалық турнир өтті. Жарысқа мемлекетіміздің әр түкпірінен 20 команда қатысты.

 Біздің облыстың атынан қатысатын "Ұлан" әйелдер командасының құрамына ШҚО ТЖД №10 ӨСБ радиотелефоншысы Жұпар Жанбуршина, сондай-ақ ШҚО ТЖД қорғалған байланыс тобының бас маманы Назгүл Тұрсынбекқызы кірді.

Қыздар өздерінің шеберліктері мен ептіліктерін көрсетіп 3-орынды иеленді.

Арқан тартыс - батылдықты, шапшаңдықты, тапқырлықты көрсететін ұлттық ойындардың түрі.

Спортшы қыздарға спортта жаңа жетістіктер мен  жеңістер тілейміз!